Бұл туралы сейсенбі күні ЦТАК ақпараттық агенттігі жазды. Осыған дейін ҚХДР жоғарғы заңнамалық органы сайлауын 9 наурызда өткізу белгіленгені хабарланған болатын.
Ким Чен Ынның кандидатурасы сайлаушылардың көбі әскерилер болып табылатын Пхеньянның 111-ші сайлау округінде ұсынылған. Корей сарбаздары мен офицерлері мұны Пхеньяндағы бұқаралық бимен атап өтті. Олар осында әйгілі «Ким Чен Ынның қауіпсіздігі үшін жан пида» патриоттық әнін орындады.
Жоғарғы халық жиыны 687 парламентшіден тұрады. Әдетте, депутаттар ел бюджеті мен маңызды заң жобаларын қабылдау үшін астанада жылына бір рет жиылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат