Атырау, 24 қараша 03:50
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мектепте оқушыларды кепілдікке алған жеткіншек ұсталды

2 347 просмотра

Фото: vk.com/alenahka Фото: vk.com/alenahka Ол оқу ордасына екі винтовкамен келген. Мәскеудегі мектептердің бірін басып алған жоғары сынып оқушысы ұсталды. Ол шабуыл кезінде мұғалім мен полицейді атып өлтірген. Тағы бір құқық қорғау органының өкілі жараланған. Балалар дін аман.

Қылмыскерге қатысты РФ ҚК «кепілдікке алу», «адам өлтіру» және «заңсыз қару қолдану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол мектепке екі винтовкамен келген.

Қазіргі таңда жасөспірімнің қылмысқа бару себептері анықталуда. Кейбір ақпаратқа қарағанда, бұған оқу ордасы мен оқушы арасындағы келіспеушілік себеп болған, деп хабарлайды «Интерфакс». Қылмыскерді ұстауға оның әкесі көмектескен. «Коммерсант» басылымының жазуынша, баланың аты – Сергей Гордеев.

Оқиға орнында полицейлер, тергеушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде.

Дереккөз: kaztrk.kz

3 ақпан 2014, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.