Атырау, 19 шілде 15:03
 дождьВ Атырау +25.7
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Рысқалиевтің ҰҚТ ісі бойынша сот. Отырыс 5 ақпанға ауыстырылды

2 767 рет қаралды

Бүгін, 3 ақпанда, Атырау облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА сотталушылардың бірі ауруханаға түскендіктен сот отырысының 5 ақпанға ауыстырылғанын мәлім етті.  

– Сот процесіне жұма күні шұғыл түрде облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген Кенжегүл СИСЕНОВАНЫҢ келмеуіне байланысты, - деп хабарлады Дәулетова. – Қазір бас дәрігермен және бөлім меңгерушісімен сөйлестік, оны сәрсенбі күні таңертең шығарады. Осы жағдайға байланысты біз сот қарауын сәрсенбіге дейін, 5 ақпанға қалдырып отырмыз. Тергеу органдары оған аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағып отырғандықтан бұл іс сотталушының қатысуынсыз қарала алмайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 ақпан 2014, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.