Атырау, 26 қараша 18:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда ауа-райы қолайсыз

3 721 просмотра
Көрнекі сурет. Көрнекі сурет. "АЖ" мұрағатынан.
Бүгін, 31 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Атыраудан Алматыға ұшатын "Эйр Астана" әуе компаниясының рейсі ұшпай қалды.
 
Жолаушының қоңырауы:
-  Біз сағат 18.00-де ұшуға тиіс едік, ұшақтың жерге қонуын күттік. Бір кезде бізге рейстің ұшпайтындығын хабарлады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты екенін айтты, бірақ күн ашық болатын. Енді осының салдарынан басқасына, Алматы - Бангкок рейсіне кешігетін болдық. Не істейміз?
 
Біз "Эйр-Астана" АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің үйлестірушісі Тілек ӘБДІРАХИМОВПЕН хабарластық. Ол бізге былай деді:
 
- Атыраудан Алматыға ұшатын бұл рейсті Стамбулдан Алматыға ұшатын ұшақ атқаруы тиіс еді.  Бірақ Атыраудағы атмосфералық қысым жоғары болғандықтан, ол маршрутын өзгертіп, бірден Алматыға ұшып кетті. Соңына дейін ұшақ қона ала ма,  жоқ па, сенімді болмады. Бірақ Атырауға жақын ұшып келген кезде, ауа-райының қонуға мүмкіндік бермейтіндігі анық болды. Сондықтан рейс ұшпай қалды. Ертеңге дейін болмайтын шығар. Өйткені жоғарғы атмосфералық қысым әдетте бір тәулікке созылатын антициклонға байланысты. Тиісінше, бүгінгі Атыраудан шығатын және Атырауға  келетін басқа әуе рейстері де белгісіз болып отыр. Бангкокқа ұшатын рейске келер болсақ, жолаушылар біздің клиенттермен жұмыс жөніндегі департаментке хабарласып, билеттерді қайта броньдай алады.  
 
Әбдірахимовтың айтуынша, Атырау - Алматы рейсінен бөлек Атырау - Ақтау, Атырау - Астана және Мәскеу - Атырау рейстері ұшпай қалған.
 
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
31 қаңтар 2014, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.