Атырау, 18 ақпан 20:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Кездейсоқ және жоспарлы каникулдар (толықтырылды)

1 956 рет қаралды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласындағы мектептердің бастауыш сынып оқушылары 1 ақпандағы сабақтардан босатылды. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Жанболат СҰЛТАНҒАЛИЕВ хабарлады.

1 ақпанда «нөл» және 1-сынып оқушылары 9 ақпанға дейін созылатын мектеп бүлдіршіндеріне арналған дәстүрлі каникулға кетеді.

Дүйсенбі, 3 ақпанда Атырау қаласының бастауыш сынып оқушылары (нөлдік және 1-сынып оқушыларынан басқа) сабаққа барады. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің бастығы Алпамыс ҒИЛЫМОВ хабарлады. Ауа-райы мәліметтері бойынша, 3 ақпанда таңертең -23, күндіз –16 градус аяз болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қаңтар 2014, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.