Атырау, 27 желтоқсан 04:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Тәуекелшіл жолаушылар құтқарылды

1 742 рет қаралды

30 қаңтарда сағат 00.35-те ТЖ департаментінің «112» пультіне «MAN» маркалы екі жолаушылар автобусының Ақтөбе – Атырау - Астрахан тас жолының 731-шақырымында «Манаш» учаскесінде батып қалғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға Исатай аудандық ТЖ бөлімінің және жол-патруль қызметінің қызметкерлеріне шұғыл хабарланған. Аязға тоңған 37 адам (Өзбекстанның 25 азаматы және 12 қазақстандық) жылындыру пунктіне – аудан орталығы Аққыстаудағы Абай атындағы мектепке жеткізілді. Оларды тамақтандырып, ыстық шәй берді.

Екі автобустың да соляркасы (жаздық отын) қатып қалғаны белгілі болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қаңтар 2014, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.