Көшедегі термометр бағандарының -30 градустан төмен аязды көрсетіп тұрғанына екі тәулік болды. Қала әкімінің орынбасарына берілген осы күндері орын алған коммуналдық апаттар туралы ақпарлар мынадай:
29 қаңтар, -33 градус температура
Апаттар: су құбырында –Әбдірахманов, 61; Тельман, 15; Арычной, 25; ПНС-58; кәріздік – Махамбет 116 «г»; Азаттық, 20; Одесская,1; С. Датов, 15; Абай, 11; жылу жүйесінде– Азаттық, 90, 92 (іске қосатын жерде); АМУ №1 жатақханасы (жертөледе); қалалық мұрағат ғимараты(жертөледе). Ақпарға енген сұмдық факт:кейбір №30 маршруттың автобустары аялдамада балаларды мінгізбейді.
30 қаңтар, -30 градус температура
Апаттар: су құбырында және кәріздік жүйеде– Бірлік поселкесінде Смағұлов, 10 «а»; Батыр-ата, 13; Арзамасская, 15; Нәжімеденов,77; Азаттық, 77; Махамбет, 112; Төлебаев, 23; Атамбаев, 19; Курилкин, 139; Геолог-2-де Қарасай-батыр, 37; Ватутин, 11; облыстық аурухана; №1 емхана; Сәтпаев, 28; Лесхоз, 9; жылу жүйесінде– Ватутин, 12 (орталық тұрба желісінің жарылуы); Привокзальный 3 «а», №18 «а»үй; Говоров, 6 (жарылу); су құбыры жүйесі қатып қалған – Гайдар, 23 (екіподъезд); Құнанбаев, 17 (бүкіл үй). Барлық апат жойылды.
Gismeteo.kzсайтының мәліметтері бойынша, қатты аяз сейсенбіге, 4 ақпанға дейін жалғасады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ