Атырау, 24 қараша 04:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина президенті ауруханада жатыр

2 466 просмотра
Украина президенті Виктор Янукович ауруханада жатыр. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Анна Герман хабарлады, деп жазады жергілікті БАҚ.

 Бұған дейін тараған ақпаратқа сәйкес, Украина басшысы денсаулығына байланысты демалысқа шыққан болатын.

«29 қаңтар күні кешке президент 39 градус дене қызуымен ауруханаға жүгінді. Бірақ біз парламенттен хабарласып, оның көмегі қажет екенін айтқанда, басын көтеріп, келді бізге. Соңынан президент ауруханаға қайта оралып, қазірге дейін сонда жатыр», - деп мәлімдеді Герман.

Күн бұрын Янукович Өңірлер партиясы фракциясымен екі мәжіліс өткізіп, 29 қаңтарда Жоғарғы Раданың кезектен тыс сессиясында амнистия туралы заңды талқылау барысында оппозиция басшыларымен жолыққан болатын. Парламентте қабылданған заңдар елді өткір саяси дағдарыстан шығару үшін аса маңызды, деп жазады RT.

Күндіз 30 қаңтарда Украина президентінің әкімшілігі мемлекет басшысы денсаулығына байланысты демалысқа кетті деген хабар таратты. «Украина президентіне дене қызуы көтеріліп, өткір респираторлық дертке шалдығуына байланысты сырқаттық парақшасы толтырылды», - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Дереккөз: bnews.kz

31 қаңтар 2014, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.