Республикалық турнирге жолдама
1-БЖСМ-нің күрес залында 1995-96 ж.т. жастар арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті. Турнир барысында 20-23 ақпан аралығында Ақтауда өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу жүргізілді.
Жарыс жеңімпаздары: (ер балалар) 55 келіге дейін – Бекет Жүніс, 60 келіге дейін – Мұрат Дошахаев, 70 келіге дейін – Думан Мүтіш, 80 келіге дейін – Қайыржан Көркембаев, 90 келіге дейін –Алтынбек Зинолла, 90 келіден жоғары – Расул Рахмет; (қыздар) 55 келіге дейін –Диана Қарасаева, 65 келіге дейін – Жәния Ізім, 75 келіге дейін – Әлия Ізім, 75 келіден жоғары – Раушангүл Базарбай. Спортшыларды жаттықтырушылар Айбек Серғазиев, Аманбай Қыздарбаев, Қуаныш Сүлейменов, Қайрат Досқалиев және Сәкен Тәжбентай дайындады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
***
Аутсайдермен кездесті
24 және 25 қаңтарда Мұз сарайында облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы өскемендік «Торпедоны» қабылдады.
«Торпедоның» 44 ойында бірде-бір ұпай алмаған (!) чемпионаттың үмітсіз аутсайдері екенін бірден айта кетейік. Алайда алғашқы матчта қонақтар қарсылық көрсетіп бақты. Ойындағы есепті олар ашты. Содан кейін ғана алаң иелері үш гол соқты (Йан Макдональд, Александр Зубков, Михаил Качулин). Осыдан соң «Торпедо» бір шайба қарымта қайтарып, алаң иелері тағы үш шайба салды (Альберт Вишняков – 2, Армандс Берзиньш). Матч 6:2 есебімен аяқталды.
Екінші матч «Торпедоның» өтініші бойынша кешке емес, күндізгі 11.00-де басталды. Қонақтардың ұйқысы қанбаған ба, алаң иелерінің салған 10 голына бір-ақ гол қарымта қайтарды. «Бейбарыс» құрамында шайба салғандар: Владимир Мамонов, Михал Милотински (2), Й. Макдональд (2), Евгений Дерябин, А. Вишняков, М. Качулин, Лукаш Хвила және А. Зубков.
***
Клубтың жетістігі
«Айдар» кәсіби спорт клубының (КСК) спортшылары Павлодарда өткен панкратион, грепплинг және фулл-контакт стиліндегі панкратионнан (ММА) республикалық турнирде керемет нәтиже көрсетті.
Атыраулық команда жарыстан олжалы оралды. Көзге түскен спортшылар: Бекболат Нұрберген – панкратион мен грепплингтен «алтын»; Қабжан Құбашев – панкратион мен фулл-контакт панкратионнан «алтын», грепплингтен «күміс»; Абылай Еслямов – панкратионнан «алтын», фулл-контакт панкратионнан«қола»; Нұртілек Қонашов – фулл-контакт панкратионнан «алтын», панкратион мен грепплингтен «қола»; Жандарбек Сиражев – панкратион мен фулл-контакт панкратионнан «күміс»; Бекназар Сағын – панкратион мен грепплингтен «күміс»; Махамбет Нұрышов – панкратионнан «күміс»; Елдос Сырашов – панкратионнан «қола»; Руслан Абдолла – панкратион, фулл-контакт панкратион және грепплингтен «қола».
Суретті «Айдар» КСК ұсынды
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ