Атырау, 24 қараша 04:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дамаскте 120 лаңкестің көзі жойылды

1 296 просмотра
Дамасктің оңтүстік аймағында қақтығыстар жалғасып жатыр. Сирия әскері Иордан автожолының бойындағы Кадам елдімекенінде лаңкестерді атқылауда деп хабарлайды Сурия әл-Эн ақпараттық агенттігі. 

Сейсенбіде "Джебхат ан-Нусра" экстремистік ұйымының қарулы жасағы Дамаск аудандарына кірмек болған. Алайда, әскерилердің шабуылына тап болды. Ақпараттық агенттік хабарлағандай, кескілескен ұрыс барысында 120 лаңкестің көзі жойылыпты.
Көтерілісшілерге қарсы операция Хараст, Дума, Хан-эш-Шейх, Айн-Терма және Дарая елдімекендерінде де жүргізілген. Сонымен қатар, Дамасктің солтүстігіндегі Ранкусте де әскерилер содырлар базасын атқылады.
Ойсырай жеңіліп жатқан Сирия көтерілісшілері қазір соғысты тоқтатып, келіссөздер жүргізуге дайын екендіктерін айтты. Кфар-Батна, Джисрейн және Сакба қалаларына бекінген лаңкестік топтар жергілікті тұрғындарды араға салып, билік өкілдеріне ымыраға келуді көздеуде. Бұған дейін Берзи, Кабуне, Забадани, Мадае және Муадамии қалаларында екі тарап осындай жолмен келісімге келген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

29 қаңтар 2014, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.