Атырау, 9 ақпан 07:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Мас тұрғынның «лаңкестік актісі»

1 853 рет қаралды

27 қаңтарда 20 сағат 40 минутта полицияның «102» пультіне Атырау қаласының Авангард тұрғын үй массивіндегі №3 мектепте жарылыс құрылғысы салынғаны туралы құпия қоңырау келіп түсті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, саперлар мектеп ғимаратын мұқият тексеріп шығып, бомба таба алмаған. Полицейлер қоңырау шалған тұлғаны – Авангардтың 50 жастағы мас тұрғынын бірден анықтап, ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 242-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2014, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.