Киевте Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция өкілдерінің кезекті кездесуі аяқталды, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Оппозиционерлер Арсений Яценюк пен Виталий Кличко ел басшысының үкіметті басқару жөніндегі ұсынысын қабылдамады. Басқосу барысында тараптар 16-шы қаңтарда қабылданған заңдардың күшін жою туралы келісті.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Украина президенті шерулерді өткізуге шектеулер қоятын бірнеше заңға қол қойған еді. Артынша оппозиция бұл қадамды өткір сынға алып, соңы елдегі саяси ахуалды ушықтырды. Бірақ ел билігінің мәлімдеуінше, олардың кейбірі 28-ші қаңтарда өтетін парламент сессиясында қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ, кездесу барысында, екі жақ «Рақымшылық туралы» заңды қабылдау туралы уағдаласты. Бұл заң шерушілер ел аумағында қамауға алған мемлекеттік қызметкерлерді және басып алған ғимараттарды толық босатқан кезде ғана күшіне енбек.
Кездесу барысында, ел билігі мен оппозиция Украинаның қазіргі конституциясын реформалау мәселесі де сөз болды. Басқосуға қатысқан Әділет министрі Елена Лукаш бұл тараптардың соңғы кездесуі емес екенін мәлімдеді.
Дереккөз: bnews.kz
28 қаңтар 2014, 14:50
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.