Украина премьер-министрі Азаров отставкаға кетуге өтініш берді
1 708 просмотра
Украина премьер-министрі Николай Азаров отставкаға берді, деп хабарлайды РБК-Украина Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған сәйкес мәліметті «Батькившина» партиясынан ұсынылған Рада депутаты Арсен Аваков таратты, деп жазады РБК.
Үкіметтің отставкаға кеткені туралы ақпарат Украина Жоғарғы радасының отырысы ашылған кезінде пайда болды. Жиын барысында республика билігі мен оппозиция ортақ шешімге келеді деп болжам жасалған болатын. Бұған дейін хабарланғандай, Аймақтар партиясы дәл бүгін «айдаһар заңдарды» алып тастау туралы келісім беруі керек-тін.