Осыдан тура бір ай бұрын Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ал 23 қаңтарда еліміздің бүкіл өңірлерінің қатысуымен бейнеконференция өтті. Онда бизнесмендердің анағұрлым өзекті проблемалары талқыланды.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей КРАВЧЕНКОмен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ меморандумды жүзеге асыру шараларының біріккен жоспарына қол қойды. А.Мырзахметовтің айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шағымданатын өзекті мәселелер блогындағы бірінші орында - олардың заңды құқықтарын қорғау мәселесі тұрады екен. Бұл проблеманы шешетін органдар – бүгінде облыс орталықтарында ғана емес, аудандарда да құрылып жатқан кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестер болмақ. Барлығы төменгі 187 звеноларды құру жоспарланды.
Талдау жүргізіп, анағұрлым кең таралған кәсіпкерлердің шағымдарын анықтау үшін автоматтанған «проблемалар картасы» бағдарламасы көмектеседі. Оған кеңес мүшелері бизнесмендердің хаттарын енгізетін болады.
Жақында өткен республикалық «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы бизнеске кедергі келтіріп отырған қиындықтарды нақты айқындады: ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беруге қатысты қиындықтар, инженерлік коммуникцияларға қосу мәселелері және т.б. Атырау облысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Асылбек ЖАКИЕВТІҢ пікірінше, жер комитеті мен сәулет органдарында кеңсешілдік тосқауылдар бар екен.
– Біз кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен және монополистермен кездесуін ұйымдастыруды, сол жерде осы дауларды шешуді жоспарлап отырмыз, - дейді А.Жакиев.
Бұрын мұндай кездесулерді облыстық Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы да өткізіп тұратын. Алайда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі анағұрлым тиімді болады деп үміттенеді. Өйткені оның мәртебесі басқаша – Ұлттық палата заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама көтере алады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА