Атырау, 26 қараша 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Индерборда қасқыр екі адамды жарақаттады

8 023 просмотра

Кеше, 27 қаңтарда Индербор поселкесінде тұрғындарға  қасқыр шапты. Поселкенің екі тұрғыны задап шекті, олардың бірі қазір ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

- Мен таңертең 8.00-да тұрып, далаға шықтым. Сол кезде артыма бір жыртқыш жабысты, оң жақ аяғымның балтыр тұсын қатты қыршып тастады. Жұдырығыммен басынан ұрып едім, ол қаша жөнелді. Мен оныбасында  ит деп ойлағанмын. Кейін оның қасқыр екенін білдем. Емханаға барып, аяғымның жалбыраған терісін тіктірдім. Құтыру ауруына қарсы екпе салды, әлі ақсап тұрмын,  - дейді Жұмаберген БОЗЕКЕНОВ:

Ал күндізгі сағат 15.00-те қасқыр Алдаш ИСАЕВҚА тұтқиылдан шабуылдаған. 89 жастағы соғыс ардагерін жерге жығып тастаған жыртқыш тістеп тастапты.

- Түстен кейін немеремді тербетіп ішкі бөлмеде ойымда ештеңе жоқ жайбарақат отырғанмын. Шошып тұра жүгірдім. Сұмдық-ай шалымды кіші балам көтеріп келе жатты, үсті-басы қан-қан. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Шалым өзіне қасқыр шапқанын, әбден таланғанын айтып жатты. Негізі түнде иттер қатты үріп, қатты мазасызданып еді. Бірақ оның қасқыр екенін қайдан білейік, -дейді Рая ИСАЕВА жыламсырап тұрып.

Сол күні жыртқыш Біржан ФАЗЫЛОВТЫҢ қорасындағы төрт қойды қанға бөктірген.

- Біржан ағаның баласымен араласатынмын. Ол жұмыста еді, маған телефон соғып, үй жаққа барып кетуімді өтінді. Мен келгенде Есқазиев пен Қаюпов деген екі жас жігіт қасқырмен алысып жүр екен. Мен ломды қолыма алып, оның бірнеше жерінен жаншып тастадым, оның үні шықпай қалды. Осы кезде полицейлер келіп, мылтығымен атты, -дейді поселке тұрғыны Асхат ШОПАНОВ.  

Индерборлықтар саябақ жақта тағы бір қасқырдың жүргенін айтты. Бірақ ол анықталмады.

- Қасқыр қаншығының өлігін құтырғанын анықтау үшін сараптамаға жібердік, -дейді Индер ауданы ветеринария бөлімінің меңгерушісі Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ.  

Алдаш ағаның жағдайын білу үшін ауруханаға бардық. 

- 1924 жылғы Исаев ауруханаға 15.20сағатта әкелінді. Диагнозы «множественные укушенные ушибленно-скальпированные раны лица, носа, волосистой части головы, левого предплечья. Травматический шок І, ІІ степени», -дейді Индер ауданы ауруханасының басдәрігері Анар ДОСПАЕВА.  – Ол ауыр қалде түскендіктен қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатыр және оған барлық дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

28 қаңтар 2014, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.