Атырау, 26 қараша 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сәдуақасовтың ісі: 10 жылдың орнына 3 жыл алды

3 214 просмотра

Облыстық соттың мәліметі бойынша, кеше, 27 қаңтарда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Серік СӘДУАҚАСОВҚА қатысты қылмыстық іс бойынша қаулыны жария етті: үкім ішінара өзгертілді.

Бұл іс Сәдуақасов пен оның адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВАНЫҢ 2013 жылғы 3 желтоқсандағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың үкіміне қарсы берген апелляциялық шағымдарына байланысты қаралды. Ол үкімде Сәдуақасовқа қатаң режимдегі колонияда ҚР ҚК-нің 311-бабының 5-тармағы, 310-бабының 2-тармағы, 28-баптың 5-тармағы және 176-баптың 3-тармағының «б, г» тармақшалары бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын.

Біздің адвокатымыз Мохначеваның апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылды. Алқа Сәдуақасовтың аса ірі мөлшердегі пара алу фактісі дәлелдеген жоқ деген қорғау уәжімен келісті. Бұдан басқа, ол бюджет қаржыларын ұрлауға көмектеспеді деген бастапқы жорамал расталды, – деп комментарий берді апелляциялық сот шешіміне «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің директоры Нұрлан ЖОЛБОЛОВ.

Осылайша, апелляциялық инстанция соты бірінші сатыдағы соттың ҚР ҚК-нің 310-бабының 2-тармағы бойынша («Лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы») таққан айыбы мен үкімін өзгеріссіз қалдырды. Мұнда Сәдуақасов сенімді тұлға арқылы «АтырауҚұрманҚұрылыс» ЖШС-не тең құрылтайшы болып кіріп, кәсіпорынның 50 пайыздық үлесін иемденіп, іс жүзінде кәсіпорынды басқаруға қатысқан. Алайда аса ірі мөлшерде пара алды (ҚР ҚК-нің 311-бабының 5-тармағы) деген айыптау бойынша Сәдуақасовтың әрекеті ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-тармағына («қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») қайта өзгертілді. Бұдан басқа, апелляциялық алқа сот үкімін өзгертіп, ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тармағы және 176-бабының 3-тармағының «б, г»-тармақтары («ақшалай қаржыларды ұрлауға жәрдем ету») бойынша тағылған айыптауларды ҚР ҚК-нің 315-бабының 2-тармағына («Қызметтегі әрекетсіздік») ауыстырды.

Нәтижесінде жаза мерзімі жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтейтін үш жылды құрады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 қаңтар 2014, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.