Атырау, 24 қараша 03:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейге кірген кезде шетелдіктердің саусақ таңбаларын алады

1 875 просмотра
Ресейге визамен келетін барлық шетелдіктердің саусақ таңбаларын алатын болады. Мұндай ұсынысты Ресей Сыртқы істер министрлігі ұсынып отыр, ал аталған жобаны сынаққа енгізу ағымдағы жылдың 1-шілдесінен басталмақ. 

Президент жарлығының жобасында, шетелдіктердің барлық он саусағының таңбасын алатын болады, деп айтылған. Саусақ таңбаларын Ұлыбритания, Дания, Мьянме, Намибиядағы дипломатиялық мекемелерде және астанадағы «Внуково» әуе-жайының шекара бекетінде алатын болады.

Жоба «Еуроодаққа мүше мемлекеттер 2015 жылы енгізуді жоспарлап отырған виза сұраған ресей азаматтарының саусақ таңбаларын міндетті түрде түсіру шараларына байланысты жауап шараларын дер кезінде қабылдауға» мүмкіндік беруі тиіс.

Өткен жылдың соңында сұқ саусақтың сканерленген таңбасын биометрикалық шетел паспортына міндетті түрде түсіру туралы заң қабылданған болатын. Биометрикалық шетел паспортын алуға тілек білдіргендердің саусақ таңбаларын 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап түсіре бастайды.

Дереккөз: Baq.kz

27 қаңтар 2014, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.