Атырау, 29 қыркүйек 16:28
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ньютондар шеберханасы

1 557 просмотра

АРЕС Petrotechnic өңіраралық оқу орталығында студенттердің «ScienceClub» ғылыми клубы ашылды.

- Клубтың мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын ояту және дамыту. Клуб физика мен химия бойынша жаңа зертханалық жабдықтармен жарақталған, түрлі сынақтар жүргізуге Канада мен Қазақстанның оқытушылары көмектесетін болады. Студенттер зертханаларға сабақтан тыс кезде де келіп, өз ғылыми зерделеулерін жүргізе алады, - деді ашылу рәсімінде канадалық нұсқаушылардың үйлестірушісі Вивиан МОМО.

АРЕС Petrotechnic орталығы өз клубының есігі қаланың барлық оқу орындарының студенттері үшін қашан да ашық екенін атап өтті.

- Мұнда олимпиадалар, ғылыми байқаулар өтетін болады. Біздің клубымызға қызығушылық танытқан барлық адамдар келе алады, - деді «ScienceClub» жетекшісі Рүстем АРТЫҚБАЕВ.

Клубтың ашылу рәсіміне қатысқан облыстық жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мейірім ҚАЛАУИ зертхана базасында жастардың инновациялық жобалар байқауын өткізуге ұсыныс тастады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 қаңтар 2014, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.