Атырау, 4 мамыр 15:16
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Клиенттерін «лақтырып кетті»

2 660 просмотра

Атырау қалалық №2 соты адвокат А-ваға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Қала прокурорының көмекшісі Луиза КАРИНАНЫҢ айтуынша, А-ва адамдарға адвокаттық қызмет көрсетуге уәде беріп, алаяқтық мақсатта ірі мөлшерде ақша алған. Анығын айтқанда, сотта істі «шешуге» уәде етіп, аңғал клиенттерден қажетті нәтижелерге қол жеткіземін деп ақша алған.

- Істе барлығы төрт эпизод бар. Үш жыл бұрын адвокат өз клиентіне қалалық билікке қарсы сотта жеңіске жетуге көмектесемін, жағалау аймағындағы жеке үйді күрегені үшін әкімдікті оған өтемақы төлеуге мәжбүр етемін деп уәде беріпті. Одан жарты миллион теңгедей ақша алып, алдап кеткен, - дейді Л. Карина. – Тағы бір клиентіне – мас күйде жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге наркодиспансерден апат кезінде сау болды деген анықтама алып беруге уәде беріп, оны да алдаған.

2013 жылдың наурызында оның лицензиясы адвокаттық жарнаны жүйелі түрде төлемегендіктен тоқтатылғаннан кейін де, ол өз «қызметін» жалғастыра берген. Рас, енді ол Мақат ауданын қолға алыпты. Ол жерде ұрлық жасады деп айыпталған жастардың ата-анасына «өз таныстары» арқылы ақтау үкіміне қол жеткіземін деп уәде берген. Бір отбасынан ол 950 мың теңге, екіншісінен 150 мың теңге алған. Сот әйелді жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қаңтар 2014, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.