Украина оппозициясы ел президенті Виктор Януковичтің «Батькивщина» партиясының көшбасшысы Арсений Яценюкке үкіметті басқару туралы жасаған ұсынысын қабылдаған жоқ, бірақ қарсы болған да жоқ. Бұл туралы ол ұлттық тойтарыс беру штабының брифингінде мәлімдеді, деп хабарланды жексенбі, 26 қаңтар күні партия сайтында. Бұл туралы Лента.ру ақпарат таратты.
«Егер біз жауапкершіліктен бас тартамыз деп айтсақ, олар бізге ұсындық, ал біз қарсы болдық, яғни билікке ие болып елді Еуропаға жақындатудан бас тарттық деп қабылдайды. Егер біз бұл ұсынысты қабылдасақ, олар да, халық та бізді опасыздық жасады деп кінәлайды. Шынын айтсақ, біз бұл ұсынысқа қуанып отырған жоқпыз, себебі қазір Украина банкроттық алдында тұр. Осылайша, олар өздері жауапкершіліктен қашып, бізден жауап күтіп отыр», - деп түсіндірді саясаткер.
Дереккөз: bnews.kz
27 қаңтар 2014, 09:48