Тәртіп сақшыларының мәліметтері бойынша, дүйсенбіге қараған түні шамамен 50 адамнан тұратын топ министрлік ғимаратына басып кірген. ІІМ хабарлауынша, ереуілшілер бетперде киіп, темір және ағаш заттармен қаруланған. Ал, әділет министрі Елена Лукаш "радикалдар ғимаратты тас-талқан етті" деп мәлімдеді.
Министрлік ғимараты жақын уақытта босатылмаса Е.Лукаш Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне елде төтенше жағдай орнатуды талап ететінін айтты.
Дереккөз: BAQ.KZ