Атырау, 26 қараша 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраудағы тергеу изоляторында 19 тұтқын тамырын кескен (толықтырылды)

3 368 просмотра

24 қаңтарда шамамен тал түсте Атыраудағы тергеу изоляторының 19 тұтқыны, өздерінің мәлімдеуінше, мекеме қызметкерлерінің ұрып соққан әрекеттеріне қарсы наразылық белгісі ретінде өз тамырларын кесіп тастаған.

Бұл туралы бізге тұтқындардың туыстары хабарлады. Олар прокуратураға арыз жазыпты. Шақырту бойынша тергеу изоляторына барған қалалық «жедел жәрдем» стансасының қызметкерлері тұтқындардың өздеріне медиктерді бірден жібермегенін, алдымен прокурормен кездестіруді талап еткенін хабарлады. Прокурормен тілдескен соң ғана фельдшерлер камераға кірген.

Біз тергеу изоляторының кезекшісімен хабарластық. Ол тек басшылықтың «аумақта» екенін айтты.

«Жедел жәрдем» кезекшісінің айтуынша, 19 тұтқынға көмек көрсетіліпті. Бәрінде де екі білектерін кескен жарақаттар болған. Екеуіне травматологиялық пунктте көмек көрсету қажет болыпты. Бірақ тергеу изоляторының қызметкерлері оларды травматологиялық пунктке өздері апаратындықтарын айтқан.

Тек 27 қаңтарда облыстық прокуратура болған жағдай туралы хабарлама таратты. Баспасөз релизінде былай делінген: «Үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында Атырау облыстық ҚТЖ департаментінің УГ-157/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) жекелеген тұтқындар дене мүшесін зақымдаушылық актісін жасаған. Аталмыш тұлғалардың әрекеті ұстау режимімен келіспеушіліктен туындады деген уәж келтіріліп отыр. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оларға тиісті көмек көрсетті. Қазіргі кезде тұтқындардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес. Облыстық прокуратура қамаудағы тұлғалардың шағымдарын негізге ала отырып, осы оқиғаның себептерін тексеруде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2014, 23:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.