«Ортақ іс» оппозициялық қозғалысының белсенділері Украинаның Аграрлық саясат министрлігін басып алды, деп жазды Facebook-тегі жеке парақшасында қозғалыс белсендісі Александр Данилюк. Бұл туралы РБК хабарлап отыр.
«Өткізілген келіссөздерен кейін сөз берілген шабуылды өзіміз ұйымдастыру керектігі анық аңғарылды. Біз бастаймыз. «Ортақ іс» жаңа ғана АӨК министрлігін басып алды», - деп жазылған хабарламада.
Хабарламада атап өтілгендей, ондағылар оппозиционерлерге еш қарсылық көрсетпеген, тек ешнәрсені қиратпауды өтініпті.