24 қаңтар жұма күні таңертең Мысыр астанасы Кирде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Agence France-Presse.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Каир полициясының штаб-пәтері алдында мина қойылған автокөлік жарылған. Reuters агенттігінің дереккөздері жарылыстың соңы атысқа ұласқанын хабарлап отыр.
Оқиға себептері мен одан қанша адам зардап шеккені туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, үш адам көз жұмып, тағы 45 адам жараланған. Қазір ол жерде жедел әрекет ету қызметтері жұмыс жасап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Каир маңындағы Мансүр қаласында да полиция басқармасының алдында мина қойылған автокөліктің жарылуынан 15 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланған болатын.