Киевтің Тәуелсіздік алаңына шыққан наразылық білдіруші халық оппозиция мен ел билігі арасындағы келіссөздердің жүргізілуіне қарсы дауыс берді, деп хабарлайды «Украинская правда».
«Свобода» партиясының көшбасшысы Олег Тягнибок Еуромайдан мінберіне шығып, оппозиционерлер президент Виктор Януковичпен келіссөздер жүргізуі тиіс пе немесе доғаруы қажет пе деген мәселені халық алдында дауысқа шығарған болатын.
Олег Тягнибоктың алдында ғана майдан қатысушылары алдында сөз сөйлеген УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко билік ел үкіметін таратуға да, уақытынан бұрын сайлау өткізуге де құлықты еместігін жеткізген болатын. Украинаның Ішкі істер министрі Виталий Захарченконың отставкасы жөніндегі мәселе әлі қарастырылып жатыр. Өз кезегінде саясаткер қанның қайта төгілуіне жол берілмеуі үшін наразылық білдірушілерді жалпы ереуілге шақырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
24 қаңтар 2014, 09:13