Атырау, 29 қыркүйек 16:31
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Киев: Еуромайданда журналистер соққыға жығылуда

1 621 просмотра

«Шекарасыз репортер» халықаралық ұйымының ұсынған мәліметтері бойынша, 19 қаңтардан бері Киевте шерушілер мен құқық қорғаушылар арасында туындаған қақтығыстың екі күнінде 3 журналист тұтқынға түсіп, 35 репортер соққыға жығылған. Одан кейінгі күндері қанша БАҚ өкілі осындай жағдайға тап болғандын статистика нақтылай алмай отыр, деп жазады Лента.ру

Ұйымның айтуынша, тілшілерге шерушілер тарапынан да, құқық қорғаушылар тарапынан да шабуыл жасалғаны тіркелген. Журналистер көбіне жан-жақтан лақтырылған тастардан, дыбысты гранаталардан зардап шеккен. Сондай-ақ кейбіреулері резеңке оқтармен қаруланған тәртіп сақшыларының нысаналарына ілігіп қалыпты.

Оған қоса, тұтқынға түскен журналистердің арасында Лента.ру тілшісі де бар. Редакцияның хабарлауынша, Киевтегі тәртіпсіздік жайында хабарлау үшін арнайы жөнелтілген Андрей Киселевті 23 қаңтарда таңғы сағат 7-де «Беркут» арнайы жасағы қолға түсіріпті. Lenta.doc жобасының авторы Александр Расторгуевтің айтуынша, ұстау кезінде журналисті соққы жыққан. Оның қазіргі жағдайы мен отырған орны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 

Дереккөз: bnews.kz

23 қаңтар 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.