Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, Ыстықкөл шекара бекетінде шекарашылар мен белгісіз тұлғалар арасында атыс болған. Бұған дейін тәртіп сақшыларына шекарада суық қаруланған 11 адамның жүргендігі жайында ақпар келіп түскен болатын. Күдіктілердің орманшыны өлтіріп, оның қаруын иемденгендігі туралы да мәлімет расталды.
Оқиға орнына дереу жеткен шекарашыларды қарақшылар оқ атып күтіп алды. Екіжақты атыс кезінде күдіктілердің екеуі өлтірілген. Қалғаны қоршауда отыр. Олармен келіссөздер жүргізілгенімен, ол әлі нәтижесін берген жоқ.
Осыған байланысты Бішкекте шұғыл жиын өтіп, қарақшылар бекінген аймаққа қосымша күш жіберілді. Оларға күдіктілердің көзін жою керек деген тапсырма беріліп отыр.
Дереккөз: BAQ.KZ