Алматы қаласында халықаралық «Күншуақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық оқушылар сарайында өткен «Алматыдағы қысқы ертегі» фестиваль-конкурсында атыраулық кішкентай ару, 10 жасар Шұғыла ЕЛЕМЕСОВА вокал номинациясы (кіші топ) бойынша Гран-При жүлдесіне ие болды.
- Мен үшін көптеген өнерлі балалардың арасынан суырылып алға шығу оңай болған жоқ. Конкурста «Домбыраның күмбірі» мен Бота Бисенованың «Ай дидарлы анашым» әндерін орындадым, - дейді Шұғыла.
Өзінің өнерге деген талпынысын әкесінен дарығанын жеткізген Шұғыла «Мектептен тыс оқу орталығы» балалар орталығына да әкесінің екі жыл бұрын жетектеп келгенін айтты. Жарысқа дайындаған жетекшісі Лариса ҒИЛАЖЕВАНЫҢ да үмітін ақтағанына қуанышты.
Қазір Шұғыла мамыр айында Астанада өтетін «Сәлем, Астана» конкурсына дайындық үстінде.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА