Киевтегі тәртіпсіздіктер кезінде адамдардың қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
2 175 просмотра
Киевтің Грушевский көшесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде адамдардың қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Украинаның ІІМ хабарлап отыр.
«Киев милициясы Печерский аудандық басқармасының тергеу бөлімі осы дерек негізінде Украина Қылмыстық кодексінің 115 бабы 1 бөлімі («Қасақана кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Украинаның бас прокуратурасы Киев орталығындағы қақтығыстар кезінде екі адам көз жұмғанын растаған еді. Украина Президенті Виктор Янукович аталған факті бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.