Қазақстан Халық Коммунистік партиясының (ҚХКП) Атырау облыстық филиалында «Қазақстанға либералды қылмыстық заңнама қажет пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВТІҢ пікірінше, қолданыстағы қылмыстық заңнамада экономикалық қылмыстарға қатысты жұмсарту бар және қылмыскерлер содан да тиісті жазаларын алмай отыр. Ал«Заман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА терроризм ісі бойынша айыпталған азаматтарға қатысты сот отырысы ашық түрде өткізілуі тиістігін ұсынды:
-Соттың жабық түрде өтуі мемлекеттің бізден жасыратыны бар деген сөз, - деді Ә.Нұрғазиева.
Айнұр САПАРОВА