Атырау, 26 қараша 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Желі астынан үй салмаңыз

3 413 просмотра

«Биылғы жылу маусымында қыс мезгілі жылы болғандықтан, әзірге тұрғындардан шағым түспей отыр», - деп мәлімдеді брифингте энергетикалық қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық департаментінің басшысы Мейіржан ҒҰБАШЕВ (суретте).

Жыл сайын Балықшы поселкесі мен Құлсары қаласында проблемалар туындайды. Балықшыда қалалық бюджеттен изоляция мен жылу алмастырғыштарды жөндеуге жылу маусымы басталар алдында ғана қаржы бөлінді. Поселкелік желілер Атырау ЖЭО-на жалғанады деп үміттенген еді. Ал Құлсарыда қуаттылығы 24 гигакалория жаңа қазандықты 2012 жылы іске қосты. Бірақ автоматика мен резервтік қоректендіру жолға қойылмады. Алдыңғы қыста қазандық мемлекеттік комиссия қабылдауынсыз жұмыс істеді. Біз тек осы учаскелерден дабыл қаққан қоңырау түсіп қалар деп күтеміз, - дейді М. Ғұбашев. – 2013 жылдан бастап жылу маусымы қарсаңында баланстарында энергетикалық нысандары бар кәсіпорын басшылары күзгі-қысқы маусымда олардың жұмыс істеуге даярлығы туралы төлқұжат алуға міндетті. Өткен жылы «АМӨЗ» ЖШС, «Мәтен Петролеум» АҚ, «Сазанқұрақ» ЖШС мен «Фирма Каспийстройконтракт» ЖШС төлқұжаттар алған жоқ. Бәрінің беретін жауабы біреу: олар «білмедік», «үлгермедік» дейді. Бірақ ереже бәріне ортақ. Нәтижесінде алғашқы үш кәсіпорынға 300 АЕК (2014 жылдың айлық есептік көрсеткіші – 1 852 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. «Фирма Каспийстройконтракт» ЖШС-не қатысты материалдарды әкімшілік сотта қарау енді басталды. 

– Электр желілеріндегі кернеудің іркілістерінен тұрмыстық техникалардың бұзылып қалатындығына қатысты тұрғындардан шағымдар жиі түседі. Энергоқадағалау департаментікімнің жағында – энергетиктердің бе, әлде тұтынушылардың ба?

– Бізге желілердегі тұрақсыз кернеулерге қатысты шағымдар түседі. Біз әр жағдайға комиссиялық тексеру жүргіземіз. Зертханалық зерттеу жасаймыз. Бірде-бір шағым тексерусіз қалмайды. Көбінесе мұндай ақаулар «Атырау-Жарық» АҚ жауапкершілік алмайтын коммуналдық электр желілерінде орын алады. 2006 жылдан бастап Атырауда Алмагүл мен Нұрсая ықшамаудандары салына бастады. Бұл желілер әкімдіктің коммуналдық меншігінде. Бірақ оларға ешкім қызмет көрсетпейді. Апаттарды қалалық әкімдік «Атырау-Жарық» АҚ-мен бірге жояды. Бізде коммуналдық электр желілерінің тозуы жөнінде мәліметтер жоқ. Біз мұны әлденеше рет анықтауға тырыстық. Облыстық әкімдіктегілер бізге оларды «Облтрансгаз» ЖШС-нің балансына бергендіктерін айтты. Біз бұл кәсіпорынды жоспарлы тексеру тізіміне енгізген кезде оларда да жоқ екендігі анықталды. Біз облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВКЕ коммуналдық желілерге біреулердің қызмет көрсетуі керектігі туралы хат жолдадық.

– Кернеудің іркілісінен теледидар жанып кетсе, қайда хабарласу керек?

– Мұндай шағымдар бізге жылына 1-2 рет түседі. Ереже бойынша, мұндай жағдайды «Атырау-Жарық» АҚ-ның кезекшісінен және қалалық әкімдіктің диспетчерінен (35-41-31) тіркеп алу керек. Шағым түскен уақытты тіркеп алған маңызды. Содан кейін сарапшыны тарту керек. Өйткені Энергоқадағалау департаментінде аспаптар мен зертханалар жоқ. Бірақ Атырауда «ҚазақЭнергоСараптама», «БатысЭнергоЭкспертиза» және басқалар секілді аттестациядан өткен сараптамалық компаниялар бар. 2012 жылы Стройконтора тұрғындарынан кернеу іркілісіне қатысты бірнеше шағымдар түсті. Онда үй подъездеріндегі электр қалқандарының жерге нашар тұйықталуы себеп болғандығы анықталды. Бұл «Атырау-Жарық» АҚ-ның жауапкершілік аймағына кірмейді. Бұл үйлер терможаңғырту бағдарламасына енгізілген кезде проблема шешілді. Энергішілер үшін электр тарату желісінің қорғау аймағынан жеке құрылыс салуға жердің бөлінуі үлкен проблемаға айналды. Тұрғындар жоғары кернеулі электр тарату желісінің бойымен жеке үйлер салуда. Ал содан соң жергілікті биліктен жоғары вольтты желілерді жоюды талап етеді. Қазір сот қарауында осыған қатысты мәселелер жиі қаралып жатыр. Мәселен, Жұмыскер ықшамауданында үй салушылар кернеуі 110 киловатты желілердің астына үй салудың амалын тапқан.

Сөз соңында Мейіржан Ғұбашев өткен жыл ішінде облыстық электр желілерінде 57 техникалық ақаулар орын алып, соның салдарынан тұтынушылар 208 мың киловатт-сағат электр энергиясы мен 896 гигакалорий жылу энергиясын кем алғандығын мәлім етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.