Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті өткен жылда бюджетке 275 млрд 887 млн 695 мың теңге табыс түсірді.
Қазақстан кеден органдары қызметінің нәтижелерін шығару мемлекет бюджетіне қосқан үлестері арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл дәстүрлі есеп-қисап нысаны. Егер республика бойынша айтатын болсақ, әңгіме 1 триллион 300 млрд теңге турасында, ал бұл бюджеттің барлық табыс бөлігінің 39%-ына жуығын құрайды. Бірінші орында салықтар болса, екінші орында – Кедендік бақылау комитетінің түсімдері.
Бюджетке түсірген түсімдері бойынша Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті16 осындай жергілікті департаментер ішінен бірінші орынға шығады. Барлық республикалық төлемдер сомасында департаменттің үлесі 20,6%-ды құрайды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА