Атырау, 24 қараша 03:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстанда содырлық әрекетке жаттыққаны үшін түрмеге отырады

1 704 просмотра

Өзбекстан президенті бекіткен қылмыстық кодекке енгізілген өзгерістерге сай, содырлық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында жаттықтыру жұмысын жүргізген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Дайындалып жатқан немесе жасалған содырлық әрекеттер туралы біліп тұрып хабарламаған адам да жауапкершілікке тартылатынын айтып кету керек. Содырлық әрекеттерді жүзеге асыру ниетімен білім алу, қару-жарақты, жарылғыш және уландырғыш заттарды қолдануға дағдылану әрекеті үшін айлық жалақының 300-ден 600-ге дейінгі көлемінде айып пұл салынады немесе 3 жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына жіберіледі, я болмаса 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Дереккөз: Baq.kz

22 қаңтар 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.