Атырау, 26 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Рысқалиевтың ҰҚТ" ісі жөніндегі сот отырысына қатысуға болады, бірақ ол қиын

2 677 просмотра

«Мен жеке тұлға бола отырып, облыстың бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобының ісі жөніндегі сот отырыстарына қатыса аламын ба?»

Редакцияға тергеу жорамалы бойынша, бұрынғы облыс әкімінің қылмыстық тобына қатысқан 22 сотталушыға қатысты процесс басталған кезде осындай сұрақ келіп түскен еді. Алғашқы тыңдалым 23 қаңтарда сағат 10.00-де Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Азаттық даңғылы, 140) басталады деп күтілуде.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер былай деп жауап берді:

– Осы істің атышулы екендігін ескерсек, отырысқа қатысқысы келетіндер көп болады деп болжауға болады. Отырыс залы көп мөлшердегі жұртшылыққа есептелмегендіктен, тізім бойын бойынша айыпталушылардың, зардап шегушілердің туыстарына, акрредиттелген журналистерге басымдық берілетін болады. Егер орын бар болса, олардан кейін залға жеке тұлғалар кіре алады. Залға кіру үшін өзіңізбен бірге жеке бас куәлігі болуы керек. Сот отырысының уақыты өзгеріп жатса, баспасөзде қосымша хабарланатын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қаңтар 2014, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.