Тәртіп сақшылары наразы топты газ шашып, таратпақ болды. Қақтығыс кезінде бір полиция автобусы өртеніп кетті. Дүйсенбіде Украина Ішкі істер министрі Виталий Захарченко полицияның арнайы бөліміне шерушілерге күш қолданып, оқ атуға рұқсат беретін бұйрық шығарды. Киевтегі жағдайдың ушығып кетуіне қаңтардың 16-сы күні Украина Парламенті қабылдаған заңдар себеп болған. Шерулер өткізуге шектеу қойып, сөз бостандығына тосқауыл қоятын заң жобасына Президент Виктор Янукович қол қойған еді.
Шеруге салынған басқа да тыйымдармен қатар наразылардың бетперде киюіне, шатырлар тігуіне, дауыс зорайтқыштар пайдалануына шектеу қойылған еді. Жаңа заң бойынша қоғамдық тәртіпті бұзушыларға 15 жылға дейін түрмеге қамалу жазасы кесілуі мүмкін.
Дереккөз: bnews.kz