Атырау, 4 мамыр 20:14
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Британдық педофилдің ізімен

1 864 просмотра

Оралдық полицейлер кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекет жасады деп күдіктенген Ұлыбритания азаматына әзірге Атырау ІІД-нің қояр талабы жоқ.

17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының ІІД Ұлыбританияның азаматы Барох ПИТЕРГЕ қатысты ҚР ҚК-нің 273-1-бабы («Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту») бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы туралы баспасөз релизін таратты. Бұл қызметкер «Жайықмұнай» компаниясында» (кенішті барлау және игеру, мұнай өндіру, атауы таяуда NostrumOil&Gas болып өзгерді, бас кеңсесі Нидерландыда) жұмыс істейді деп расталып отыр. 38 жастағы ағылшын азаматына тиесілі электронды тасымалдағыш құралдарынан жалпыға білім беретін мектептердің кәмелетке толмаған оқушыларының қатысуымен түсірілген бейне және фотоматериалдар табылған. Атыраудан Орал қаласына ол 4 қаңтарда барғандықтан, зардап шегушілердің бір бөлігі біздің қаламыздан болуы мүмкін деген күдік туындады. Әзірге оның Атыраудағы қай компанияда жұмыс істегені анықталған жоқ. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі британдыққа қарсы ешқандай айғақтар жоқ екенін хабарлады. Өйткені «оған қатысты, соның ішінде зардап шегушілерден де ешқандай шағым түспеген».

Ал 20 қаңтарда Chagala Group компаниялар тобының «Шағала» отелінің (шетелдік осы қонақ үйлердің бірінде тұрған) желісін басқарушы ресми мәлімдеме таратты:

«Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Орал қаласының Chagala Group отелінің аумағында құқыққорғау органдары – Орал қаласының Абай полиция бөлімі тергеу шараларын жүргізді. Оған отель мейманына қатысты қылмыстық істің қозғалуы себеп болған. Қылмыстық істің қозғалуы туралы ақпарат алынған соң, Chagala Group отель тұрғынын шығарып жіберу үшін қажетті шаралар алды. Бұл азамат енді Chagala Group отелінің тұрғыны болып табылмайды. Оның қазір қайда екендігі туралы ақпараттан бейхабармыз».

Chagala Groupрастап отырғандай, ғаламторды жайлап кеткен мәліметтерге қарамастан, британдық ұсталмаған, жексенбіге дейін отельде болып, есептескен соң отельден еркін, өздігімен кетіп қалған.

БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана КАТКОВА оған қатысты бұлтартпау шаралары алынды ма, жоқ па және оның қазір қайда екендігін білмейтіндігін мәлімдеді.

Chagala Group компаниясы, сондай-ақ, нұсқаунаманы бұзған «Охрана КМС» ЖШС күзетшілерін жұмыстан шығарғандығы туралы хабарлады. Ағылшын жеке кіретін есігі бар «апартамент» (толықтай сервистік қызметі бар толыққанды пәтер) түріндегі нөмірлерде тұрған. Күзетшілер олармен жасалған келісімшарт бойынша тұрғындарға келуші меймандардың барлығының ресепшнде тіркелуіне жағдай жасауға міндетті. Алайда олар тікелей міндеттемелерін орындамай, британдыққа ресепшннен айналып өтіп, өз нөміріне 12-13 жастағы жасөспірімдерді кіргізуіне мүмкіндік берген. Chagala Group бұл ЖШС-нің құрылымдық бөлімше еместігін және сырттан жалдап алынғанын атап өтті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қаңтар 2014, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.