Атырау, 26 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Фракциясыз депутат

1 946 просмотра

Кейбір БАҚ-да атыраулық кәсіпкер Әмір ЫСМАҒҰЛОВТЫҢ Атырау қалалық мәслихатында депутаттық өкілеттілігінен айырылғаны туралы мәлімет тарады. Алайда, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қанат ӘЗМҰХАНОВ мұның теріс ақпарат екендігін айтады.   

Еске салайық, Ә.Ысмағұлов Бостондағы лаңкестік ісін әділ тергеуге кедергі келтірмек болды деп айыпталып, АҚШ-та қамауда отырған Азамат ТӘЖІАЯҚОВТЫҢ әкесі. Ол Штатқа ұлы қамауға алынды дегенде бірден ұшып кетті, және оның Бостонда тұрып жатқанына бүгінде тоғыз ай болды. 

- Біздің партияның атынан сайлауға түскен Әмір Тәжіаяқұлы бұрынғыша қалалық мәслихат депутаты. Оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылған жоқ, бұл мәселе партияның құзырына да кірмейді, - дейді Қ.Әзмұханов. - Партияның депутаттық фракциялары туралы ережесіне сай, яғни қалалық партия филиалы ұйымдастырған іс-шаралары мен өткізілген фракция отырыстарына қатыса алмай, бекітілген кесте бойынша қоғамдық қабылдауларды жүргізуге мүмкіншілік болмағандықтан фракция мүшелігінен шығару жөнінде ұсыныс енгізілді. Бұл ұсыныс бір ауыздан қолданды. Біз әріптесімізге қазір қиын екенін  жақсы түсінеміз, және бәрі оң жағына шешіледі деп үміттенеміз.

Айнұр САПАРОВА

20 қаңтар 2014, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.