Атырау, 24 қараша 04:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанна Фриске қатерлі ісікке шалдықты

2 055 просмотра
Ресей әншісі, «Блестяще» тобының бұрынғы солисті Жанна Фриске қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл ақпаратты әншінің азаматтық күйеуі, тележүргізуші Дмитрий Шепелев растады, деп жазады ВВС.

 «Біздің отбасымызға үлкен сын түсті. Жанна қатерлі ісікке шалдықты. Біз оның өмірі үшін күресімізді жалғастырып, оның сауығып кететініне деген сенімімізді бір минут та сейілткен емеспіз. Біздің қазір тек бір ғана өтінішіміз бар, дұға-тілектеріңіз бен жылы сөздеріңізді арнап, қолдау білдірсеңіздер», - деген хабарлама орналастырған Шепелев әншінің жеке сайтына.

39 жасар әншінің ауыр дерті туралы ақпарат бұған дейін басылымдарда бірнеше рет жарияланған болатын. Алайда әншінің өкілі Аниса Ашику мен отбасының мүшелері бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

«Осы күнге дейін отбасымыздың құпиясы болып келген ақпарат, өкінішке қарай, бірнеше күн бұрын бұқараға мәлім болды. Осы орайда алыпқашпа сөздің құрбаны болмас үшін Жаннаның өнерін сүйер қауым мен жалпы-дос-жарандары ақиқатты бізден білулері керек деп шештік», - деп жазған Шепелев.

Фриске «Блестяще» тобында 1996-2003 жылдар аралығында өнер көрсетті. 2000 жылдың басынан бері ол жеке әнші ретінде таныла бастады. Фриске сондай-ақ бірнеше киноға түсіп, актерлік қырынан да атағы шықты.

Ал өткен жылдың сәуірінде Фриске мен Шепелевтің ұлы дүниеге келді.

Деркккөз: bnews.kz

 

20 қаңтар 2014, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.