Оңтүстік Осетия президенті үкіметін отставкаға жіберді
1 768 просмотра
Оңтүстік Осетия Республикасының президенті Леонид Тибилов республика үкіметін отставкаға жіберді, деп хабарлайды РБК жергілікті президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бір жарым жылдың ішінде үкімет республикадағы жағдайды қалпына келтіру, әлеуметік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша алға қойған міндеттерін орындамай, қызметін шоғырландыра алмады», - деп мәлім етті дүйсенбі күні ел президенті.
Тибиловтың жарлығына сәйкес, министрліктер кабинетін уақытша басқару қызметіне бұған дейін бірінші вице-премьер міндетін атқарған Доменти Кулумбегов тағайындалды.