ТЖМ мәліметтері бойынша, 19 қаңтарда 21 сағат 39 минутта Атырауда секундына 23 метрге дейін соққан желдің екпінімен Ғұмаров көшесі, 90 мекен-жайында орналасқан №4 мектеп-интернаттың үш қабатты ғимаратының шатыры жұлынып кетті.
Жұлынған шатыр алаңы 435 шаршы метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Мұнай астанасындағы» ауа-райы қолайсыздығының салдарынан Авангард, Нұрсая және т.б. ықшамаудандарда көп жерлерде жарық ажыратылып қалған.
20 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел секундына 20 метрге дейін ұйтқып соғады деп болжанып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қаната ЕЛЕУОВ