Президенттің тапсырмасына сәйкес, жұмыс тобына президент әкімшілігі және министрлер кабинеті өкілдері кіруі тиіс. Бүгін 20 қаңтарда В.Янукович жұмысшы тобы мен оппозиция өкілдерінің кездесуін өткізуге тапсырма берді.
Бұған дейін В.Янукович «Соққы» партиясының басшысы Виталий Кличкомен кездескені туралы хабарланған. Кездесу мемлекет басшысының резиденциясында өтті. Оппозициялық партия басшысы президентке митингке қатысушылардың талабы – кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлау өткізуді жеткізді.
«Батькивщины» фракциясының басшысы Арсений Яценюк оған В.Януковичтің хабарласқанын және келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтқанын жариялады.
Жексенбі күні Украина астанасында минингке қатысушылар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс болды. Үкіметтік кварталға өтпек болғандар полицияға жанғыш қоспасы бар бөтелкелер мен тас лақтырған. Үкіметтік ғимараттар мен Жоғарғы Радаға барар жолды жауып тұрған ІІМ-нің арнайы көліктерін өртеп жіберген.
Дереккөз: bnews.kz