Атырау, 24 қараша 03:37
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

110 млн. америкалықтардың мәліметін ұрлаған вирусты 17 жастағы жасөспірім жасаған

1 547 просмотра
110 миллион америкалық банк карточкасының мәліметін ұрлауға көмектескен Kaptoxa зиянды бағдарламасын Санкт-Петербор қаласының 17 жастағы жасөспірімі жасаған, деп хабарлады НТВ.

Орысша аталатын «айлакер» вирустың құрбандары АҚШ-ғы ірі Target  дүкендер желісінің 110 миллион клиенті. Ұрлық рождество және жаңа жыл мерекесі кезіндегі қызу сауда жүрген күндері жасалған.

 IntelCrawler компаниясының бас директоры Эндрю Комаров петерборлық жасөспірімнің америкалық сатып алушылардың мәліметтерін өзі ұрламағандығын,  тек өзі жасап шығарған бағдарламаны қаскөйлерге сатып отырғанын атап өтті. Вирусты 2 мың долларға өткізіп отырған ол, BlackPOS/Kaptoxa вирусын пайдаланып тапқан ақшамен бөлісуге уәде бергендерге жеңілдік жасайтын болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қаңтар 2014, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.