Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, келіссөздердің бірі ретінде тараптар шекаралық қызмет ведомстволары өкілдерінен бірлескен комиссия құру туралы шешім қабылдады.
Екі тәуліктің көлемінде комиссия Қырғызстан мен Тәжікстан шекара ведомстволарының басшыларына барлық бөлімшелерді тұрақты шоғырлану пункттеріне әкету туралы ұсыныстарды жасауы тиіс.
Хаттамаға сәйкес, Қырғызстан мен Тәжікстан тарапы шекараны штаттық бөлімшелермен қорғауды жүзеге асырулары керек.
Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Баткен облысының Баткен ауданы Ақ-Сай ауылының маңында басты су тарату желісінің жанында Тәжікстанның шекара әскерінің арнайы тобы мен Қырғызстанның МШҚ әскерилері арасында атыс болды.
Қазіргі уақыта шекарадағы бақылау-өткізу бекеттері жабық. Құқық қорғау органдары мен жергілікті биліктің хабарлауынша, шекарадағы жағдай тұрақты.
Дереккөз: ҚазАқпарат