«Баспасөз бостандығы қоры» 2012 жылдың желтоқсан айында қоғамның қызығушылығын туындататын ақпараттардың ашық болуына ұмтылатын журналистерге қолдау көрсету әрі қорғау мақсатында құрылған болатын. Қор Директорлар кеңесінің құрамына 1960 жылдары Вьетнамға қатысты Пентагон құжаттарының жария етілуін ұйымдастырған АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің бұрынғы Дэниэл Эллсберг, американдық киноактер Джон Кьюсак және Сноуден ақпараттарын жариялау арқылы танымалдылығы артқан британдық Guardian газетінің колумнисі Гленн Гринвальд кірді.
Айта кетерлігі, ұйым жұмыс істеген уақыттан бері аты шулы WikiLeaks сайтына қолдау көрсетуге 0,5 миллион доллардан астам қаржы жинады.
Эдвард Сноуден өткен жылдың маусым айында АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын жұртшылыққа жария еткен болатын. Бағдарлама халықаралық деңгейде дау тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылықтарын білдірген еді. Сол жылдың тамызында ол Ресейден бір жылға уақытша саяси баспана алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат