Атырау, 24 қараша 03:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бала саудасымен айналысқан акушер өлім жазасына кесілді

2 184 просмотра

Қытай соты сәбилерді саудалағаны үшін акушер-дәрігерді өлім жазасына кесті, деп хабарлады РБК.

Айыпталушы Чжан Шуся сотта нәрестелерді перзентханадан ұрлап, сатып жібергенін мойындады, деп мәлімдеді Associated Press.

Акушер Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шэньси провинциясының Фупин округіндегі перзентханада жұмыс істеген. Қылмыстық істің материалдары бойынша, дәрігер ата-аналарға сәбилерінің туа біткен кемістіктері бар екенін айтып, олардан бас тартуға үгіттеген.

Оған қоса, ол бірнеше провинцияда бала саудалаудың желісін құрып үлгерген. Оның басында Чжан Шусяның өзі тұрған.

Тергеу амалдарына сәйкес, ол сәбилерді біреуге бір бағамен сатса, ал олар өз кезегінде ол баланы алған бағасынан қымбатқа сатып отырған. Сөйтіп бала саудасында да алып-сатарлық пайда болды.

Ұрланған 7 сәбидің 6-уы не өз ата-анасына қайтарылды, не полицияға тапсырылды, ал біреуі, өкінішке орай, қайтыс болып кетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 қаңтар 2014, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.