Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің қарындасы Ким Е Чжонды Корея еңбек партиясының (КЕП) бас қаржы үлестірушісі лауазымына тағайындады. Бұл қызметті бұған дейін өткен жылдың желтоқсанында жазаланған КХДР басшының жездесі Чан Сон Тхэк атқарған болатын, деп жазады Оңтүстік Кореяның «Чосон ильбо» газеті.
Басылымның мәліметінше, оған КЕП-тің 54-ші бөлімі деп аталып жүрген органды қайта құру тапсырылған. Әуелде 54-ші бөлім Корей халық әскерінің қарамағында болатын. Алайда 2012 жылы Солтүстік Корея басшының жездесі оны өз бақылауына алды.
Ким Е Чжон сонымен қатар Тэсон, Одақтасу және даму банктерінде басшылық лауазымдар атқармақ. Сондай-ақ бірнеше туристік және темір жол жобаларын басқаруды өз қолына алып отыр.
Дереккөз: bnews.kz
14 қаңтар 2014, 15:18
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.