Атырау, 24 қараша 03:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экс-офицер кино көруге бөгет болғандарды атып тастады

1 702 просмотра
Тампа қаласында көптеген жылдар бойы полицей болған Кертис Ривз кинотеатрда көрші отырған жұптың қылықтарына ашуланған. Оның айтуынша, әлгілер сеанс кезінде шулап, телефондарын шұқылап, фильм қөруге мұрша бермепті. 

Ал, жәбірленуші 43 жастағы Чад Олсон үш жасар қызына хабарлама жіберген көрінеді. Ривз осы кезде жартылай автомат тапаншасын шығарып, ер азаматты атып жіберген. Оқ жұбайын қолымен бүркемек болған 33 жастағы Николь Олсонға да тиіпті. Ауыр жараланған Чад Олсон алған жарақаттан ауруханада көз жұмды.
Анықталғандай, Кертис Ривз бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан. Полициядан кеткен соң ойын-сауық саябағының қауіпсіздігіне жауапты әрі қылмыспен күрес кеңесінің мүшесі болған екен.

Дереккөз: Baq.kz

14 қаңтар 2014, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.