Атырау, 24 қараша 03:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Германияда ірі көлемде есірткі тәркіленді

1 938 просмотра
Берлин полициясы Aldi сауда желісінің дүкендерінен 140 келі кокаин тапты. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәркіленген есірткінің дені Кёпеник ауданындағы 2 әмбебап дүкеннен табылған. Онда банан жәшіктеріне 100 келі кокаин жасырылған. Ал қалған партиясы Берлиннің батысындағы бірнеше дүкеннен тәркіленген. Табылған заңсыз тауарлар 5 млн. еуроға бағаланды. Алдын ала мәліметтерге сай, есірткі Германияға Оңтүстік Америкадан заңсыз әкелінген. Қазір кокаинның дүкенге қалай түскені және оның кімге тиесілі екені белгісіз. Ал заңсыз тауарды дүкен қызметкерлері тауып алған. Полицейлер тауарды тасымалдау кезінде қателік кеткенін, сондықтан оны кездейсоқ Берлин дүкендеріне салып жібергендігін айтып отыр. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: baq.kz

 

8 қаңтар 2014, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.