Атырау, 24 қараша 03:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та 11 қыркүйек оқиғасының жүзден аса «жалған» құрбаны анықталды

4 689 просмотра
Нью-Йорк прокуратурасы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қайғылы оқиғадан кейін ірі өтемақы алған 100-ден аса өрт сөндіруші мен полиция қызметкерін алаяқтық жасады деп айыптады. Белгілі болғандай, олардың әрекеті бюджеттің бірнеше миллион долларын шығындаған, деп хабарлады АВС телеарнасы.

Манхэттен бас прокуроры Сайру Вэнс мәлім еткендей, күдіктілер «Нью-Йорктегі лаңкестік салдарынан алған психикалық ауытқулар туралы медициналық анықтамаларды қолдан жасап, оларға мемлекеттік жәрдем ретінде төленген өтемақы құны 500 мың долларға дейін жеткен».

Полицейлер өздерінің бұрынғы әріптестері мен өрт сөндірушілерге қатысты мәліметтерді бірнеше айлар бойы жинаған. Анықталғандай, қатты күйзеліс алған олар қолдарына ақша тиісімен бірден тау шаңғысымен сырғанауға асығыпты. Үйден шығуға қорқамыз деген сылтаумен жәрдемақы алғандар аяқ асты элиталы теңіз круиздері жолаушыларының арасынан табылған.

Қолға түскендердің арасында полицейлер мен өрт сөндірушілерге жалған анықтама алуға жәрдемдескен фирманың жетекшісі - 89 жасар Томас Хэйл де бар. Бір қызығы, «ауыр күйзеліске» шалдыққан азаматтарға өздерімен қару алып жүруге рұқсат беріліпті. Ал арнайы Комиссиядан өту үшін сырқатты сылтауратып, өтірік айту үшін оларды арнайы тренингтерде дайындаған. Олар өзін ауытқуы бар адам ретінде көрсету үшін кекештеніп сөйлеу мәнерін де меңгерген екен.

Атап өту керек, 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан полицейлер мен өрт сөндірушілер Америка батыры деп есептелді. Қазір соңғы мәліметтердің арқасында бұл атаққа көлеңке түскен тәрізді.

Дереккөз: baq.kz

 

8 қаңтар 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.