Ақпарат көзінің мәліметінше, видеодағы ер кісінің Қырғызстанның кешеге дейін бас муфтиі болып келген, бүгін отставкаға кеткен Рахматулла қажы Егембердиев екеніне елдің бәрі шүбә келтірмейді. Ең бастысы бұрынғы мүфтидің өзі оны мойындайды. Ал әйелдің кім екені әзірге анықталған жоқ. Егембердиевті сынаушылар діни қызметкерді некесіз қатынасқа арбап түсірген әйелді «белгісіз секс-бомба» деп сипаттап үлгерді.
Бірақ Егембердиев «Құдай алдында ақпын, бұл әйел төрт жылдан бері некелі жұбайым» дейді.
Қаңтардың 6-сы күні Егембердиевтің Бішкектегі кеңсесінің алдына жиналған шағын шерушілер тобы мүфтидің бұл мәлімдемесіне қанағаттанбады. Олар оны «күнәһар» деп айыптап, қызметінен кетуді талап етті. Қаңтардың 7-сі күні бас мүфтидің отставкаға кеткені мәлім болды.
Дереккөз: Baq.kz